Батыр Жүкембаев Қазақстанда титулдық жекпе-жек өткізеді

Батыр Жүкембаев Қазақстанда титулдық жекпе-жек өткізеді

Батыр Жүкембаев Қазақстанда титулдық жекпе-жек өткізеді
ашық дереккөзі
50249
Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаевтың (19-1, 15 КО) келесі жекпе-жегінің өтетін күні мен орны белгілі болды деп хабарлады turkystan.kz Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.
«Туған жердегі тұңғыш жекпе-жегім болмақ. 24 желтоқсанда, Алматы төрінде, «SADU Arena» кешенінде, кештің басты айқасында WBC Asia чемпиондық титулына таласқа түсемін!» деп жазды 31 жастағы спортшы Инстаграм парақшасында.
Бұл Батыр Жүкембаевтың Қазақстанда кәсіпқой ретіндегі дебюттік жекпе-жегі болады. Ол 20 жекпе-жектің 19-ын Канадада, біреуін АҚШ-та өткізді. Батыр рингке бір жылдан астам уақыт демалыстан кейін оралады. Ол соңғы жекпе-жегін 2021 жылы 17 желтоқсанда Монреальда өткізген еді. Жүкембаев бірінші раундта мексикалық Хуан Хосе Мартинесті (28-11, 20 КО) нокаутқа түсірген болатын.

Серіктес жаңалықтары