Белгілі жазушы Мархабат Байғұт өмірден өтті

Белгілі жазушы Мархабат Байғұт өмірден өтті

Белгілі жазушы Мархабат Байғұт өмірден өтті
ашық дереккөзі
51705
Мархабат Байғұт 77 жасында өмірден озды деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Суыт хабар жетті. Мархабат Байғұт ағамыздың сағаты соғыпты. Бақұл болыңыз, Мархабат аға», – деп жазды Шыңғыс Мұқан.
Мархабат Байғұт 1945 жылғы 25 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы, Пістелі ауылында туған. «Шілде», «Сырбұлақ», «Интернаттың баласы», «Нәуірзек», «Дауыстың түсі», «Қорғансыз жүрек», «Машаттағы махаббат», «Әдебиет пәнінің періштесі», «Ақпандағы мысықтар», «Алмағайып», «Аңсар», «Қозапая», «Ауыл әңгімелері», «Салқын масақ», «Оқу залы», «Ақтолғай», «Сағыныш саздары», «Бұла бұлақ», «Күнгей көңіл», «Іштарлық пен құштарлық», «Аршакие», т.б. прозалық және публицистикалық кітаптардың авторы. «Бозторғайдың ұясы», «Жоғалған Жұрнақ», «Көксу комедиясы» драмалары театр сахнасында қойылған. Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері. 1996 жылы «Құрмет» орденімен, 2014 жылы «Парасат» орденімен, көптеген мерекелік медальдармен марапатталған. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2004). 2016 жылы Халықаралық «Түркі әлеміне қызмет» сыйлығымен марапатталған

Серіктес жаңалықтары