50379
Елордада екінші ауысымда оқитын оқушылардың сабақтары қысқарды
Елордада екінші ауысымда оқитын оқушылардың сабақтары қысқарды
Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымда оқитын оқушылардың сабақтары қысқартылды деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
«Екінші ауысымдағы сабақтар қысқартылады. Қараңғы түскенше балалар ата-анасының қарауымен қайтарылады. Қазіргі алгоритм бойынша күндізгі 12 кезіндегі ауа райы болжамы ескерілді. Ол кездегі параметрлер бойынша қашықтан оқытуға көшу мүмкін емес. Сондықтан балаларды қараңғы түскенше жіберу үшін екінші ауысымдағы сабақтарды қысқарту туралы шешім қабылданды», - деді әкімдіктің баспасөз қызметі өкілдері.