51042
WhatsApp сауалнама жасау мүмкіндігін енгізді
WhatsApp сауалнама жасау мүмкіндігін енгізді

Қараша айында iOS және Android жүйелеріндегі WhatsApp-тың барлық пайдаланушыcы қолданбаны жаңарту арқылы сауалнамалар жасай алады. Жаңа мүмкіндік қосымшаның компьютерлік нұсқасы үшін де қолжетімді деп хабарлады turkystan.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
WABetaInfo әзірлеушілері жаңалық жариялады. Енді WhatsApp-та жеке және топтық чаттарда сауалнамалар жасауға болады. Сонымен сауалнамаға 12 жауап нұсқасын қосуға мүмкіндік бар. Чат мүшелері сауалнаманы көріп, дауыс бере алады.