«Бұл шара ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған саяси реформалар бағытын іске асырудың қисынды жалғасы саналады. Бұл қадам партиялық бәсекелестікке серпін беретініне сенімдіміз. Әсіресе, Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттарда өтетін алдағы сайлау аясында бұл шешім өте өзекті», - деп атап өтті «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов.



