Жылыой ауданы Жаңа Қаратон ауылында 14 жасар жасөспірім өзіне қол жұмсаған деп хабарлады turkystan.kz azh.kz сайтына сілтеме жасап. Жасөспірім өз үйінің шатырында асылып қалған.
«Әке-шешесі сол күні шаруаларымен шығып кеткен, ал бауырлары үйде болмаған. Кешке келген әке-шешесі ұлын үйдің шатырынан өлі күйінде тапқан», - делінген хабарламада.Тергеу жұмыстары жүргізілуде.
«Аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Толық ақпарат қосымша хабарланады», – деді ПД өкілі Мейірім Ердәулет.