Шетелдік БАҚ өкілдері Тоқаевтың штабына барды

Шетелдік БАҚ өкілдері Тоқаевтың штабына барды

Шетелдік БАҚ өкілдері Тоқаевтың штабына барды
ашық дереккөзі
50187
Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабына әлемнің 37 елінен 44 халықаралық бұқаралық ақпарат құралының өкілі келді. Олардың қатарында АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Испания, Бельгия, Австрия және т.б. елдерден келген журналистер бар.  width= «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов оларды үгіт-насихат және талдау орталықтарының, кандидаттың қоғамдық қабылдау бөлмесінің, медиа-штабтың, сенімді өкілдердің жұмысын үйлестіру орталығының, байқаушылар штабы мен арнайы жастар алаңының жұмысымен таныстырды.  width= Кездесу қорытындысында Республикалық қоғамдық штаб мүшелері шетелдік БАҚ өкілдеріне арнап брифинг өткізіп, онда сайлау науқаны аясында атқарылған жұмыстар туралы айтып берді.  width= Жалпы, үгіт-насихат науқаны кезінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастары 42 қала мен 5000-нан астам ауылды аралады. Олар өткізген 24 мың үгіт-насихат іс-шарасына 3 миллион сайлаушы қатысты. Кездесулер барысында азаматтардан 40 мыңнан астам ұсыныс пен тілек жиналды.

Серіктес жаңалықтары