Сайлауда қай өңір тұрғындары белсенді болды?

Сайлауда қай өңір тұрғындары белсенді болды?

Сайлауда қай өңір тұрғындары белсенді болды?
ашық дереккөзі
50345
ОСК мәліметінше, сайлауға дауыс беру құқығы бар қазақстандықтың 69,44 пайызы қатысқан деп хабарлады turkystan.kz. Жетісу облысында сайлаушылардың 81,42 пайызы дауыс беруге қатысқан. Көшбасшылар қатарында мына өңірлер бар: Қызылорда облысы – 81,07 пайыз; Түркістан облысы – 80,37 пайыз: Абай облысы – 80,18 пайыз. Жоғары белсенділік байқалған өңірлер: Жамбыл облысы – 79,57 пайыз; Шығыс Қазақстан облысы – 79,49 пайыз; Қостанай облысы – 79,28 пайыз; Солтүстік Қазақстан облысы – 79,01 пайыз; Ақмола облысы - 78,87 пайыз; Қарағанды ​​облысы – 78,39 пайыз; Павлодар облысы - 77,58 пайыз. Азаматтардың жартысынан көбі дауыс берген өңірлер: Ұлытау облысы – 75,48 пайыз; Ақтөбе облысы – 72,81 пайыз; Алматы облысы – 72,1 пайыз; Атырау облысы – 70,87 пайыз; Батыс Қазақстан облысы – 68,67 пайыз; Маңғыстау облысы – 66,99 пайыз; Шымкент – 59,79 пайыз. Сайлауда аз белсенділік танытқан өңірлер Астана және Алматы болды. Астанада сайлаушылардың 48,67 пайызы, ал Алматыда 28,72 пайызы ғана дауыс берді.  

Серіктес жаңалықтары