50158
ОСК: 4 өңірде сайлаушылардың 80 пайыздан астамы дауыс берді
ОСК: 4 өңірде сайлаушылардың 80 пайыздан астамы дауыс берді
Президент сайлауында 8 млн 299 мыңнан астам адам дауыс берді. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров айтты деп хабарлады turkystan.kz.
Константин Петровтың дерегінше, аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған мәліметке сәйкес, өңірлерде азаматтардың келуі мынадай:- Абай облысы бойынша – 80,18,
- Ақмола облысы бойынша – 78,87,
- Ақтөбе облысы бойынша – 72,81,
- Алматы облысы бойынша – 72,10,
- Атырау облысы бойынша – 70,87,
- Батыс Қазақстан облысы бойынша – 68,67,
- Жамбыл облысы бойынша – 79,57,
- Жетісу облысы бойынша – 81,42,
- Қарағанды облысы бойынша – 78,39,
- Қостанай облысы бойынша – 79,28,
- Қызылорда облысы бойынша – 81,7,
- Маңғыстау облысы бойынша – 66,99,
- Павлодар облысы бойынша – 77,58,
- Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 79,1,
- Түркістан облысы бойынша – 80,37,
- Ұлытау облысы бойынша – 75,48,
- Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 79,49
- Астана қаласы бойынша – 48,60,
- Алматы қаласы бойынша – 28,72,
- Шымкент қаласы бойынша – 59,79 пайыз.