Президент сайлауы күні Қазақстанда 634 бала дүниеге келді. Бұл жайында Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті деп хабарлады turkystan.kz. Бүгін, 20 қараша - сайлау күні елімізде 634 кішкентай дүниеге келді. Оның ішінде 6 егіз бар. Барлығы 328 ұл және 306 қыз бала дүние есігін ашты.
Жүктелуде...