50335
Атырауда жабық сайлау учаскелері жұмыс істеп жатыр
Атырауда жабық сайлау учаскелері жұмыс істеп жатыр

Бүгін таңғы сағат 07.00-де Атырау облысы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің жабық мекемесінде сайлау учаскесі жұмысын бастады деп хабарлады turkystan.kz.
Ведомствоның хабарлауынша, №75 мекеменің жабық сайлау учаскесінде 165 тергелуші заңды дауыс беру құқығын пайдалана алады.
Тергеу изоляторында алдын ала дауыс беру үшін барлық жағдай жасалған – акт залында бюллетеньдерге арналған кабиналар мен урналар орнатылды. Аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері жұмыс істейді және дауыс беруге ниет білдіргендердің барлығына қолжетімділік қамтамасыз етілген.