Президент сайлауына дауыс беру басталды

Президент сайлауына дауыс беру басталды

Президент сайлауына дауыс беру басталды
ашық дереккөзі
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес 2022 жылғы 20 қарашада елорда уақытымен сағат 7.15-тегі жағдай бойынша  өңірде 8150 учаске дауыс беруге кірісуде деп хабарлады turkystan.kz ОСК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының 11 шет мемлекеттердегі өкілдіктері жанындағы 12  учаске дауыс беруге кірісті. Республикада дауыс беруге арналған 10 101 учаске бар. Оның ішінде Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктерінде 53 елде 68 учаске бар. 86 учаскеде аумақтық комиссиялардың қабылдаған шешімдеріне сәйкес дауыс беру таңғы сағат 6.00-де басталды. Қазақстан Республикасының аумағындағы уақыт белдеулерінің шекараларына сәйкес 5 өңірдің: Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарының учаскелері елорда уақыты бойынша сағат 08.00-де дауыс беруге кіріседі. Тізімге енгізілген азаматтардың саны: 11 млн 950 мың 485. Учаскелік комиссиялар азаматтардың жазбаша өтініштері бойынша дауыс беру құқығын беретін барлығы 22578 есептен шығару куәлігін берді.