51233
Қырымбек Көшербаев жаңа қызметке тағайындалды
Қырымбек Көшербаев жаңа қызметке тағайындалды

Қырымбек Көшербаев «Ембімұнайгаз» АҚ тәуелсіз директоры болып тағайындалды деп хабарлады turkystan.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«ҚазМұнайГаз Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма шешімімен Қырымбек Елеуұлы Көшербаев «Ембімұнайгаз» АҚ Директорлар Кеңесінің Мүшесі - Тәуелсіз директор болып сайланды», - делінген хабарламада.Айта кетсек, 2019 жылдан 2022 жылға дейін Көшербаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы болды.