50302
Елімізде пойыз билеттері қымбаттады
Елімізде пойыз билеттері қымбаттады
Қазақстанда жолаушылар пойызына арналған билет құны қымбаттады деп хабарлады turkystan.kz.
Energyprom.kz мәліметінше, қазан айында баға жылдық мәнде 19,6%-ға өсті.
Қала маңындағы пойыздардың тарифі бір жыл бұрынғыдан 16,7%-ға, республика ішіндегі пойыздың плацкарт вагонында – 20,6%-ға, купе вагонында 17,8%-ға қымбаттаған.
«Бағаның айтарлықтай өсуі Шымкент қаласында (жылына 56,3%-ға), сондай-ақ Жетісу (45%-ға) және Алматы (32,3%-ға) облыстарында тіркелді. Ең аз өсім Ақтөбе (плюс 4,9%), Батыс Қазақстан (плюс 6,6%), Ұлытау және Павлодар (әрбір облыста плюс 8%) облыстарында анықталды», - деді сарапшылар.Қаңтар-қыркүйек айларында темір жол көлігімен 14,7 миллион жолаушы тасымалданған. Пойыз қызметін көбінесе елорда тұрғындары пайдаланды: 3,5 мың адам, бір жылғыдан 23,1%-ға көп. Одан кейін Ақтөбе және Қызылорда облыстары тұр. Ең төменгі көрсеткіштер Батыс Қазақстан облысында тіркелді.