Футболдан екі жылға шеттетілген Исламхан жасыл алаңға оралды

Футболдан екі жылға шеттетілген Исламхан жасыл алаңға оралды

Футболдан екі жылға шеттетілген Исламхан жасыл алаңға оралды
ашық дереккөзі
50170
Қазақстан құрамасының ойыншысы Бауыржан Исламханның футболдан екі жылға шеттету жазасының мерзімі аяқталды деп хабарлады turkystan.kz. 29 жастағы жартылай қорғаушы бүгіннен бастап кәсіпқой командада жаттығу жұмыстарын бастауына мүмкіндік алды. Футболшыға желтоқсан айынан бастап кәсіпқой келісімшартқа қол қоюға рұқсат берілді. Еске салайық, Бауыржан Исламхан 2020 жылдың қыркүйек айында Біріккен Араб Әмірлігінің «Аль-Айн» командасы құрамында Азия Чемпиондар лигасындағы кезекті ойынынан кейін тапсырған допинг-сынамасы оң нәтиже көрсеткен. Сынамадан тыйым салынған метилгексанамин табылып, ол екі жылға үлкен футболдан шеттетілген. Бауыржан 1993 жылы 23 ақпанда Тараз қаласында дүниеге келген. 2011 жылдан бері қазақстандық «Тараз», «Астана», «Қайрат», Ресейдің «Кубань», Біріккен Араб Әмірлігінің «Аль-Айн» клубтары және ел құрамасында өнер көрсеткен. Қазақстан ұлттық құрамасының сапында 46 ойында 3 гол соқты.

Серіктес жаңалықтары