Қытай қазағы Бейжің марафонында жеңімпаз атанды

Қытай қазағы Бейжің марафонында жеңімпаз атанды

Қытай қазағы Бейжің марафонында жеңімпаз атанды
ашық дереккөзі
50324
6 қарашада өткен Бейжің марафонында этникалық қазақ Елеубек Қуанұлы жеңімпаз атанды деп жазды қытайлық Guangming Daily газеті. Бұл туралы turkystan.kz massaget.kz сайтына сілтеме жасап хабарлады. Бейжің марафоны кейінгі екі жылда пандемияға байланысты өтпеген еді. Биылғы марафонға 20 мыңға жуық адам қатысқан. Ерлер арасында қытайлық қазақ Елеубек Қуанұлы жеңімпаз атанды. Ол 42 шақырымды 2 сағат 14 минут 34 секундта жүгіріп өткен. Марафоншы өзінің жеке рекордын 5 минутқа жаңартқан. Елеубек Қуанұлы - Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданының тұрғыны. Марафонға қатысушылар Тяньаньмэнь алаңынан бастап, 42 шақырым жүгіріп, Олимпиада паркінде аяқтаған. Қатысушының бәрінде ревакцинация болуы міндеттелген. Айта кетейік, Бейжің марафоны 1981 жылдан бері ұйымдастырылады.  

Серіктес жаңалықтары