51305
Түркі әлемі кино саммиті басталды
Түркі әлемі кино саммиті басталды

Түркияның Бұрса қаласында «Қорқыт Ата» түркі әлемінің фестивалі шеңберіндегі Түркі әлемі кино саммиті басталды деп хабарлады turkystan.kz.
Түркия Мәдениет және туризм министрлігі тарапынан ұйымдастырылған шараның басты мақсаты – түркітілдес мемлекеттер арасындағы тарихи, рухани байланыстарды нығайту, кино саласындағы мүмкіндіктерді пайдалана отырып, ортақ жобалар жасау, кәсіби бірлікті арттыру.
Фестиваль шеңберінде Қазақстан киносының күндері өтіп жатыр.
Іс-шараға түркі мемлекеттерінің мәдениет министрліктерінің өкілдері, Қазақстанның Халық әртісі Нұржұман Ықтымбаев, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Жанна Қуанышева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Ақан Сатаев, Азамат Сатыбалды, Жайдарбек Күнғожинов, Сатыбалды Текеев, продюсерлер - Анара Қашағанова, Айгүл Байбек, Алмагүл Тілеуханова, Айгүл Черендинова, режиссер Бекарыс Елубай және т.б. қатысуда.
1 қарашада басталған Түркі әлемі фильм фестивалі 6 қарашаға дейін жалғасады. Шетелдік көрермендер назарына «Дос-Мұқасан» көркем фильмі, «Мұқағали» өмірбаяндық драмасы, «Ұлы дала таңы» және «Ақ боз үй» тарихи таспалары, «Еуразия билеушілері» деректі фильмі, «Мұзбалақ» анимациялық картинасы және Қазақстан мен Татарстан бірлесіп шығарған «Тарлан» картинасы ұсынылды.