Баласын тастап, дүкенге кеткен әйелге іздеу салынды

Баласын тастап, дүкенге кеткен әйелге іздеу салынды

Баласын тастап, дүкенге кеткен әйелге іздеу салынды
ашық дереккөзі
50172
Ақтөбе облысы Полиция департаментінің қызметкерлері баласын Нариманов көшесінің тұрғынына тастап, хабар-ошарсыз кеткен әйелге іздеу жариялады деп хабарлады turkystan.kz. Департаменттің мәліметінше, дүкенге кеткен белгісіз әйел сол күйі оралмаған.
«Аталған мекенжайға ювеналды полиция қызметкерлері барды.  Бала шамамен 3-4 жаста, өзін «Аңсар» деп таныстырған. Ол «Аяла» өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына орналастырылды», – делінген ресми хабарламада.
Полиция қызметкерлері баланың туыстары туралы қандай да бір мәліметтер болса, 8-771-785-10-58 немесе 102 телефонына хабарласуды сұрайды.

Серіктес жаңалықтары