Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны өсе бастады деп хабарлады turkystan.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Министрлік таратқан мәліметте өткен тәулікте коронавирусты 51 адам жұқтырып, 2 адам аталған дерттен айығып кеткен. Айта кетейік, қарашаның 2-сі күні қауіпті вирусты 35 адам жұқтырса, 3-і күні 49 адам жұқтырған болатын. 4 қарашадағы мәлімет бойынша, 735 адам коронавирус инфекциясынан (–590+ және 145 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 79 пациент стационарда, 656 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 4 адамның жағдайы ауыр,
- 3 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 1 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.