50392
Астаналық әйел терминалдан басқа адамның 940 мың теңгесін алып кеткен
Астаналық әйел терминалдан басқа адамның 940 мың теңгесін алып кеткен
«Есіл» ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ақша ұрлады деген күдікпен 36 жастағы әйелді ұстады деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Тергеу барысында әйелдің қаладағы банкоматтардың біріне келгені анықталды. Оның алдында терминалға үлкен көлемде ақша салған ер адам тұрған. Алайда операцияны орындау кезінде ақша есепке алынбай, терминал ұяшығында қалып қойған. Басқа қолма-қол ақшаны алуға асыққан ер адам көлігіне кеткенде күдікті әйел қабылданбаған 940 мың теңгені өзімен алып кеткен.
Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ұсталған әйел өз кінәсін мойындады. Ақшаның бір бөлігін пайдаланып, ол өз несиесін жапқан.