50269
Адам саудасымен айналысқан 3 қылмыстық топ анықталды
Адам саудасымен айналысқан 3 қылмыстық топ анықталды

Соңғы 4 айда елімізде адам саудасымен айналысқан 3 қылмыстық топ анықталды. Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың айтуынша, аталмыш уақытта адам саудасының 30-ға жуық фактісі тіркелген деп хабарлады turkystan.kz «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы министр Астанада өтіп жатқан Қазақстандағы адам саудасымен күрес туралы құқықтық форумда айтылды.
БҰҰ-ның мәліметіне сәйкес, әлемдегі адам саудасы құрбандарының 70 пайызы – әйелдер мен жас қыздар. Ал әрбір үшіншісі – балалар.
«Өкінішке орай, бұл проблеманың Қазақстанға да қатысы бар», - деді Марат Ахметжанов.Қазір жыл сайын елде 100-ден астам осындай қылмыс тіркеледі.