Ақтауда егіз ұл әскерге аттанды

Ақтауда егіз ұл әскерге аттанды

Ақтауда егіз ұл әскерге аттанды
ашық дереккөзі
50335
Саяхат және Саясат есімді ақтаулық егіздер әскерге аттанды. Ағайынды жігіттер Отан алдындағы борышын Ақтөбе гарнизонында өтейді деп хабарлады turkystan.kz «Хабар 24»-ке сілтеме жасап. Маңғыстаудан көрші аймаққа олармен бірге тағы 30-дан астам бозбала барады. Жас сарбаздардың жақындары «Жеңіс» саябағында салтанатты түрде шығарып салды. Саяхат пен Саясат мектепте озат оқушы болғандарын айтады. Биыл олар жергілікті колледжді «Ғимараттар мен құрылыстарды салу» мамандығы бойынша үздік аяқтап шықты. Ағайындылар жастайынан спортқа бейім. Соңғы жылдары грек-рим күресімен тұрақты айналысқан.
«18 жасқа толған кезде әскерге шақырту келді. Әке-шешемізбен ақылдасып, өз еркімізбен келістік. Қазіргі таңда Ақтөбе қаласына Отанымызды қорғауға бара жатырмыз. Еліміздің барлық жастарын әскер қатарына шақырамыз», - деді әскерге шақырылушы Саясат Сұлтанмұрат.
Ақтөбеге баратын жас сарбаздар тобында 40 бозбала бар. Егіздер өзгелермен бірге медициналық комиссиядан әрі психологиялық сынақтан сәтті өтіп шықты. Ұлдарының әскери қызметке жарамды деп танылғанына әкесі де қуанышты. Ақтау тұрғыны балаларының өмір бойы біріне-бірі серік болуына тілекші.
«Осы күзде ұлдарыма Отан алдындағы борышын өтеу үшін шақырту келген. Міне, әскерге шығарып салудамыз.  Жастарға сәттілік тілейміз. Ақ жол!» - деді егіздердің әкесі Қадырғали Мәдиев.
Айта кетсек, Саяхат пен Саясат кішкентай кезінен кез келген жұмысты бірге атқаруға дағдыланған. Әскерден келгесін бір мекемеге жұмысқа тұруды мақсат қойған. Жиын алдында егіздер мен олардың қарулас жолдастары қорғаныс саласының ардагерлерімен кездесіп, ақ батасын алды.

Серіктес жаңалықтары