Су астына қала салмақ
Су астына қала салмақ
Американың Теңізге қоныстану институты 2020 жылы пайда болатын әлемдегі алғашқы суға салынатын қала құрылысы үшін байқау жариялады. Аталмыш институт қызметкерлері мұндай қала құрылысы халық тығыздығына байланысты мәселені шешуге оң ықпалын тигізеді дегенді алға тартып отыр. Теңізге қоныстану институты судағы сәулет құрылысын нидерландтық девелоперлік фирмамен бірлесіп жүзеге асырмақ ниетте. Суға салынатын қала құрылысы үшін жарияланған байқаудың басты талаптары мынадай: қатты дауылға төтеп беретін тік бұрышты нысан платформасындағы құрылыстарды орналастыру, әр жағы ең кемінде 50 метр болуы керек және үйлер үш қабаттан аспауы тиіс. Сондай-ақ, қала азимут бойынша бағдарды ешқандай кедергісіз өзгертуге болатындай етіп салынуы қажет. байқауға төрелік ететін қазылар алқасы мақұлдаған үздік жоба биылғы жылдың шілде айының соңына дейін жарияланады.