«Қазақстан» телерадиокорпорациясының медиамектебі екінші кезеңін бастайды

«Қазақстан» телерадиокорпорациясының медиамектебі екінші кезеңін бастайды

«Қазақстан» телерадиокорпорациясының медиамектебі екінші кезеңін бастайды
ашық дереккөзі
50172
«Қазақстан» телерадиокорпорациясының медиамектебі екінші кезеңіне үміткерлер қабылдауды бастайды. Оған еліміздегі ЖОО-ның журналистика, кино өнері және телевизия факультетінің III, IV курс студенттері қатыса алады деп хабарлады turkystan.kz. Өтінімдер 2022 жылғы 10 қарашаға дейін qazaqstan.tv ресми сайты немесе mediamektep@qazaqstan.tv электронды поштасы арқылы қабылданады. Медиамектептің ең үздік қатысушыларына еңбек жолын «Қазақстан» телерадиокорпорациясынан бастауға мүмкіндік беріледі.
«Алғашқы кезеңге қатысқан 30 студенттің ішінен ең үздік 10 түлек қазір Корпорацияға қарасты телеарналарда қызмет етіп жүр. Жас әріптестеріміз үшін, бұл -  үлкен мүмкіндік және тәжірибе. Сәт сайын өзгеріп жатқан медиаиндустрияның жаңашылдықтары мен қыр-сырын үйретуді биыл да жалғастыру туралы шешім қабылдадық. Біздің мақсатымыз – білікті ізбасарлар дайындау»,- деді медиамектеп жұмысы туралы «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай.
Оқытуды 6 ай бойы Корпорацияға қарасты «Qazaqstan», «Qazsport», «Abai TV», «Balapan» телеарнасы және «Қазақ радиолары» ЖШС мамандары шығармашылық және техникалық бағытта ақысыз негізде жүзеге асырады. Медиамектептің жаңа кезеңіне өткен алғашқы оқыту курсының түлектері қатыса алмайды.

Серіктес жаңалықтары