Қарақат Әбденнің ел өңірлеріне сапары жалғасуда

Қарақат Әбденнің ел өңірлеріне сапары жалғасуда

Қарақат Әбденнің ел өңірлеріне сапары жалғасуда
ашық дереккөзі
50238
Қарақат Әбден сайлауалды сапары Алматы облысының Талғар қаласында жалғасын тапты. Қала тұрғындары мен өңірдегі шағын және орта бизнесті дамытып жүрген кәсіпкерлер Қарақат Әбденнің сайлауалды бағдарламасымен танысты. Жиын барысында үміткер шағын және орта кәсіпкерліктің маңыздылығын атап өтіп, ел экономикасының дамуына зор үлес қосатынын жеткізді. Сондай-ақ бизнес пен отбасылық құндылықтарды ұштастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселелері талқыланды. Талғар қаласынан бастау алған отбасылық бизнесті дамыту сұрақтары облыстағы Тұздыбастау ауылында өрбіді. Қарақат Әбден осы ауылдағы отбасылық кәсіпті дөңгелетіп отырған Сайыпжамал Өтептің әулетіне арнайы ат басын бұрды.
«Мен зейнетке шыққалы бері «Ақырыс» атты отбасылық бизнесті қолға алдым. Сүттен кілегей, қатық, құрт, ірімшік, сыр, айран, көже, жент жасаймыз. Елдің болашағы осындай шынайы, қолдан жасалған еңбектен басталады. Өзіміз Қарақат Әбденнің сайлауалды бағдарламасын тыңдап, разы болып жүргенбіз. Елді аралап, біз секілді қарапайым адамдарды қолдап жүргені үшін алғысымызды білдіреміз», - деп атап өтті кәсіпкер.
Бұған қоса, Қарақат Әбден оңтүстік астананың мәдени тыныс-тіршілігімен танысып,  «Astana Musical» театрының халық қаһарманы Роза Бағланованың 100 жылдығына арналған қойылымын тамашалады. Еске салсақ, үміткер бұған дейін Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Абай облысының тұрғындарымен жүздескен еді. Алдағы уақытта оның Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарының сайлаушыларымен кездесу өткізетіні мәлім.

Серіктес жаңалықтары