50348
Биыл Қазақстанда 2075 адам жоғалып кеткен
Биыл Қазақстанда 2075 адам жоғалып кеткен

Елімізде биыл 2075 азамат хабар-ошарсыз кеткен. Оның 886-сы әлі табылған жоқ деп хабарлады turkystan.kz «Хабар-24» арнасына сілтеме жасап.
Ішкі істер министрлігінің мәліметіне сүйенсек, жолғалғандардың дені ер адамдар. Бұл олардың маусымдық жұмыстарға, рейстерге, қызметтік іссапарларға жиі шығуымен байланыстырылады.
Ал әйелдердің із-түзсіз кетуіне ішімдік түрткі болыпты.
Жасөспірімдердің хабарсыз кетуіне қатысты статистика да көңіл көншітпейді. Жыл басынан бері 186 жеткіншек үйден безген. Олар негізгі себеп ретінде әке-шешесінің ащы суға салынуын, бір-бірімен тіл табыса алмауын және отбасындағы бітіспес дауларды атаған.