«Сеулдегі қайғылы оқиға салдарынан 151 адам қаза тауып, 82 адам зардап шекті. Тағы 270 адам із-түзсіз жоғалып кеткен. Корея Республикасындағы ҚР Елшілігінің консулдық бөлімі тәулік бойы жұмыс режиміне ауыстырылды. Кореялық құзыретті органдармен тұрақты байланыста болатын жедел штаб құрылды», - делінген хабарламада.Дипломаттар консулдық есепте тұрған қазақстандықтарға хабарласып жатыр.
Сеулде зардап шеккендер арасында қазақстандықтар туралы мәлімет жоқ – СІМ

Сеулде зардап шеккендер арасында қазақстандықтар туралы мәлімет жоқ – СІМ
Сеулде болған қайғылы оқиға кезінде зардап шеккен Қазақстан азаматтары туралы ақпарат түскен жоқ. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.