50435
29 қазан - Дүниежүзілік инсультпен күрес күні
29 қазан - Дүниежүзілік инсультпен күрес күні
Жыл сайын 29 қазанда бүкіл әлемде Дүниежүзілік инсультпен күрес күні атап өтіледі. Оның мақсаты – аурудың ауырлығына және оны анықтау қажеттілігіне назар аудару деп хабарлады turkystan.kz Almaty.tv сайтына сілтеме жасап.
Инсульт – мидағы қан айналымының бұзылуы, жасушалардың өлуіне немесе тамырлардың жарылуына әкелетін жағдай. Инсульт кезінде шұғыл ауруханаға жатқызу және емдеу қажет.
Жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлімді төмендетудегі заманауи медицинаның жетістіктеріне қарамастан, инсульт халықтың өлімі мен мүгедектігінің негізгі себебінің бірі болып қалып отыр. Жыл сайын әлемде миллиондаған адамдар инсульттан зардап шегеді. Бірақ қауіп факторларын түзету арқылы оның алдын алуға болады.
Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Консультациялық-диагностикалық орталығының меңгерушісі, кардиолог дәрігер Гузель Исхакбаева инсульт қаупінің маңызды факторларының бірі - жүрекшенің фибрилляциясы дейді.
Дәрігердің айтуынша, жүрекшелер фибрилляциясы бар науқастарда инсульттің алдын алу үшін үнемі антикоагулянттарды қабылдау қажет. Егер бұрын осы мақсаттар үшін қанның ұю көрсеткіштерін үнемі бақылауды қажет етеін варфарин тағайындалса, қазіргі уақытта ұнемі зертханалық бақылауды қажет етпейтін, жаңа ішке қабылдайтын антикоагулянттар әзірленіп, медициналық тәжірибеде кеңінен қолданылуда.
Инсульттің маңызды қауіп факторларының бірі – артериялық гипертония. Артериялық гипертонияны міндетті түрде өмір сүру салтын өзгерту және гипертензияға қарсы препараттарды үнемі қабылдаумен үздіксіз емдеу қажет. Артериялық гипертонияны емдеудің бірінші кезеңінде барлық пациенттерде систолалық қан қысымының деңгейіне 140 мм. сын. бағ. төменге түсіру керек. 18 жастан 69 жасқа дейін систолалық қан қысымының нысаналы деңгейі 120-130 мм.сын. бағ., ал 70 жастан асқан адамдар үшін - 130-140 мм.ст. ст.
Құрамында қаныққан май қышқылдары аз, тәулігіне тұтынатын тұз 5 грамнан аспайтын, күніне 30-45 грамм дәнді дақылдардан, күнделікті 200 грамнан астам көкөністерден, 200 г-нан астам жемістерден тұратын диетаны ұстану қажет. Қызыл етті тұтынуды аптасына 350-500г дейін азайтып, тағам құрамына балықты аптасына кемінде 1-2 рет, күніне 30 г дейін жаңғақты қосқан дұрыс. Тамақтану рационынан тәтті сусындар мен құрамында қант бар жеміс шырындарын алып тастау керек.
Дене салмағын бақылауда ұстау қажет. Дене салмағы индексінің нысаналы деңгейі – 20-25 кг/м2.
Физикалық белсенділік маңызды рөл атқарады. Аптасына кемінде 150-300 мин қалыпты аэробты физикалық белсенділік немесе 75-150 мин жоғары қарқынды физикалық белсенділік ұсынылады.
Темекі шегуден бас тартып, пассивті темекі шегуден де аулақ болу керек.