Қарақат Әбден астаналық сайлаушылармен кездесті

Қарақат Әбден астаналық сайлаушылармен кездесті

Қарақат Әбден астаналық сайлаушылармен кездесті
ашық дереккөзі
50330
ҚР Президенттігіне үміткер Қарақат Әбден астаналық сайлаушылармен кездесу өткізді. Сайлауалды жиынға қала тұрғындары мен ұлттық киім өндірушілері, қолөнер шеберлері жиналды. Жиын барысында Қарақат Әбден өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Үміткер өз сөзінде ұлттық киім өндірушілерінің еңбегі еленбей жатқанын жеткізіп, ұлттық киім өндірісіне мемлекет кеңінен қолдау көрсету керектігін айтты. Айта кетсек, Қарақат Әбден бұған дейін Ақмола облысы және Қарағанды қалаларының тұрғындарымен жүздескен еді. Республика бойынша үміткердің 20 штабы іске қосылған. Алдағы уақытта оның Павлодар, Абай және Алматы облысының сайлаушыларымен кездесу өткізетіні мәлім.

Серіктес жаңалықтары