«Бұл іс сотқа жеткен болса ғана, борышкердің банк картасынан қарызы үшін ақша ұстап қала алады. Себебі мұнда сот орындаушысының дәлелі мен қажетті құжаттар бар. Ең бастысы - банк пен клиент арасында жасасқан келісімшартта белгілі бір мерзім көрсетілуге тиіс, яғни, қарыз сол мерзімге дейін өтелмеген жағдайда банк жалақы картасынан ақша ұстай алады. Кейбір жағдайларда клиенттер өздері жалақысынан белгілі бір соманы ұстап отыруға өтініш жазып, рұқсатын беріп жатады», - дейді заңгер.
Несие алғанда кепілгер болудың қандай қаупі бар?
Бірақ, Түймебаевтың айтуынша, банк жалақының барлық сомасын ұстап қала алмайды.«Банк әлеуметтік көмек, алимент, балаларға берілетін жәрдемақы, басқа да жағдайларға қатысты берілетін өтемақыларды ұстап қала алмайды. Банк картасындағы барлық ақшаның көп болса, 50 пайызын ғана ұстай алады. Одан көп ақша ұсталған жағдайда клиенттің прокуратураға банктің заңсыз әрекетіне шағымданып, өтініш қалдыруға құқығы бар», - дейді заңгер.Маман сот үкімі шықпайынша, банктің жалақы картасын бұғаттауға құқығы жоқ екенін айтады. Ал қандай да бір сот үкімі шықпаса, банк ол шығынды өтеуге тиіс болады.