ҚТЖ шешімін өзгертті: пойыздарда төменгі орындар қымбаттай ма?

ҚТЖ шешімін өзгертті: пойыздарда төменгі орындар қымбаттай ма?

ҚТЖ шешімін өзгертті: пойыздарда төменгі орындар қымбаттай ма?
ашық дереккөзі
50294
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ пойыздардағы жоғарғы және төменгі орындарға әртүрлі тарифтер енгізу туралы шешімін өзгертті. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі өкілдері мәлім етті деп хабарлады turkystan.kz.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ бес коммерциялық пойыздың жоғарғы және төменгі орындарына жол жүру құнына сараланған тәсіл қолдану бойынша пилоттық жобаны жойды», - деді «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
Айта кетейік, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі Қазақстанда 1 желтоқсаннан бастап кейбір коммерциялық пойыздардың төменгі орны 20 пайызға қымбаттайтынын мәлімдеген еді.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ 2023 жылдың 1 желтоқсанынан 28 ақпанына дейін пилоттық режимде  коммерциялық пойыздардағы жоғарғы және төменгі орындарға жол жүру ақысына аталмыш тәсілді енгізеді. Жоғарғы және төменгі орындар арасындағы жолақы айырмашылығы 20 пайыз», - делінген хабарламада.
Компания билет бағасын осылай өзгерту арқылы орындарды біркелкі бөлу және жолаушылардың төменгі орындарға сұранысын қанағаттандыруға болатынын түсіндірген болатын.

Серіктес жаңалықтары