50367
Алматыда 40 күннен кейін табылған жасөспірім өзіне қол салатынын айтқан (ВИДЕО)
Алматыда 40 күннен кейін табылған жасөспірім өзіне қол салатынын айтқан (ВИДЕО)
Желіде Алматы облысында 1 айдан астам уақыт бойы іздеуде болып, кейін табылған баланың өмірі үшін алаңдайтын еріктінің бейнежазбасы жарияланды. Оның айтуынша, жасөспірім үйінен келесі жолы қашып кетсе, оны тірі күйінде таба алмайтынын айтқан деп хабарлады turkystan.kz Халық үніне сілтеме жасап.
Мұралдың оқиғасы адамды шошытады. Еріктілерге өз отбасындағы өмірін баяндаған бала үйінен қашып кеткенін мәлімдеген.
«Оны аш-жалаңаш әрі кір-қожалақ күйінде 20 күннен кейін ер адам тауып алған. Мұрал өз есімін атамай, ер адамның үйінде 22 күн болған. Полицияға өгей анасы қорқытатынын, әкесі ұратынын айтқан», - дейді ерікті Дильмира Блац.Әйел полициядан көмек сұрағанымен, одан қайыр болмай тұр. Жасөспірімнің «Бесінші рет менің мәйітімді табасыңдар» деген сөзі ойынан кетпейді.
«Бала маған солай деді. Қылмыстық құрамның болмауына байланысты ата-ана құқығынан айыру өтініші кері қайтарылды деген жауап алдым. Баланың өз үйінен қашып кетуі бірінші жағдай емес екен. Полиция Мұрал өзіне қол салғанда қимылдай ма?» - деп күйінеді ерікті.Әкесі баланың қарсы болғанына қарамастан оны үйіне алып кеткен. Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысында жоғалып кеткен 14 жастағы жасөспірім интернет пен байланыс жоқ жерден табылғанын хабарлаған болатынбыз. Видеоны осы сілтеме арқылы көре аласыз.