50608
ЖОО-ның үздік оқытушысына 6 млн теңге беріледі
ЖОО-ның үздік оқытушысына 6 млн теңге беріледі

1 қарашада «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы - 2022» республикалық байқауы басталады деп хабарлады turkystan.kz.
Республикалық байқауға қатысу үшін құжаттарды қабылдау 1 қарашадан басталып, 15 қарашаға дейін жалғасады. Конкурс жеңімпаздары 6 миллион теңгеден астам сыйақы алады.
Байқауға жоғары оқу орындарының штаттағы оқытушылары қатысады. Олардың үздіксіз ғылыми-педагогикалық өтілі (кемінде 5 жыл), оқытушылық және ғылыми қызметте жоғары жетістіктері болуы тиіс.
«Байқаудың мақсаты – оқытушы мамандығының беделін арттыру және жоғары оқу орындары оқытушыларын кәсіби тұрғыда одан әрі дамуға ынталандыру. Конкурс 2 кезеңнен тұрады. Атап айтсақ, алдымен жоғары оқу орнының ішінде, кейін республикалық деңгейде өтеді», - делінген хабарламада.«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» байқауына қатысу үшін өтінімдер мен құжаттар ақпараттық жүйе арқылы электрондық форматта қабылданады. Бұл конкурстың ашық өтуін қамтамасыз етеді.