50378
Жел күшейіп, тұман түседі: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Жел күшейіп, тұман түседі: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
«Қазгидромет» РМК 27-29 қазан аралығындағы ауа райы болжамын жариялады деп хабарлады turkystan.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, 27 қазанда солтүстікте жауын-шашын, ал 27-28 қазан күндері шығыс аймақта нөсер жауын болады.
Солтүстік-батыс антициклоны батыс облыстарға, одан кейін Қазақстан аумағының басым бөлігіне ауысып, жауын-шашын тоқтайды және ауа температурасы төмендей түседі.
27 қазанда оңтүстікте, 27-28 қазанда оңтүстік-шығыста атмосфералық фронталды жүйелердің өтуіне орай жауын жауады. Республика бойынша жел күшейіп, батыс, солтүстік және шығыста көктайғақ болып, тұман түседі.