Бұл туралы айтыс ақыны Мұхтар Ниязов әлеуметтік желіде хабарлады деп жазды turkystan.kz.
«Бүгін Жүрсін ағаның ауруханаға түскенін естіп, уайымдап қалдық. Көптен денсаулығы сыр беріп жүрсе де, үлкен аламандарға барып, бастан-аяқ жүргізіп, мейлінше қалмауға тырысатын. Осы жолғы дерті қаттырақ соққан сияқты. Қай жылы Жүкең Кореяға барып толық тексеріліп келіп: «Кәрістерің денсаулығыңның отыз пайызы ғана қалды деп отыр, жетпіс пайызбен жетпіс жыл жүрдік қой, енді отыз пайызы отыз жылға шыдап берсе, ғасыр жасап қалатын шығармын», - деп қалжыңдаған. Сол қалжыңы шынға айналсын, ағамыз сақайып аттай шауып кетсін. Жұма күнгі үлкен бір тілек - осы!» деп жазды айтыскер.