ОҚО-да мобильдік ХҚКО-лар жұмысын бастады
ОҚО-да мобильдік ХҚКО-лар жұмысын бастады
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың тапсырмасымен, Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мақсатында Халыққа қызмет көрсету орталығының көшпелі мобильдік топтары Сарыағаш, Түркістан және Бәйдібек аудандарына шықты. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының баспасөз қызметі хабарлады.
Аталған жұмыстар жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй жәрдемақыларын және 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындауына байланысты ұйымдастырылып отыр. Енді аталған елді мекендердің тұрғындарына электрондық анықтамаларды алу үшін ХҚКО-ға келу міндетті емес. Жәрдемақыларды ресімдейтін мобильдік ХҚКО мамандары Түркістан және Бәйдібек аудандары әкімшіліктерінің ғимараттарында, сондай-ақ Сарыағаш қаласының 20/20 әскери бөлімшесінде таңғы сағат 9:00-ден кешкі 20:00-ге дейін қызмет көрсететін болады. Халыққа қызмет көрсету орталықтарында тұрғылықты жеріне уақытша тіркеуден өтуге келуші азаматтар ағынының көптігі байқалады. Десе де, жыл сайын осы уақытта жергілікті әкімшіліктерде жәрдемақы ресімдейтін азаматтар мекенжай анықтамалары мен жылжымайтын мүлкінің жоқтығы жайлы анықтамаларға келетін. Осынау қиындықтарды азайтып, тіпті жою үшін жолға шыққан мобильдік ХҚКО-лардың халық көп шоғырланған аймақтарға баруы жұмысты жүйелеу үшін ұйымдастырылуы заңды.
Сондай-ақ мобильдік ХҚКО мамандары ақпараттық анықтамаларды беру үшін Алматыдағы тұрғылықты жеріне уақытша тіркелуге келген азаматтар көп, тығыз жиналған халыққа қызмет көрсету орталықтары маңына да орналастырылды. Мобильдік ХҚКО мамандары ақпараттық анықтамаларды Алатау және Түрксіб аудандарының фронт-офистерінің келушілеріне беруде.
Анықтама үшін:
Ақпараттық анықтамаларды келесі мекенжайлардан алуға болады:
ОҚО:
- Сарыағаш қ., Тұрсынқұлов көш., 21, (20/20 әскери бөлімше ғимаратында)
- Түкістан қ., Татыбаев көш., 49 (әкімшілік ғимаратында)
- Бәйдібек ауданы, Б.Қарашаұлы көш., 49 (әкімшілік ғимаратында)
Алматы қ.:
- Алатау аудандық бөлім – Шаңырақ 2 ы/а., Жанқожа батыр көш., 24
- Түрксіб аудандық бөлім – Рихард Зорге көш., 9.