51244
Красноярск қаласында «Қазақ мәдениетінің күні» өтті
Красноярск қаласында «Қазақ мәдениетінің күні» өтті
Красноярск қаласындағы Достық үйінде «Қазақ мәдениетінің күні» атап өтілді. Аталған іс-шара Красноярск өлкесінде тұратын қазақтардың этномәдени байланысын нығайтуға бағытталған.
Іс-шара барысында қазақ халқының ұлттық тағамдары мен ұлттық қолөнер бұйымдары көпшілік назарына ұсынылды. Сондай-ақ, халықтың тұрмыс-тіршілігін сипаттайтын кітаптар да көрмеге қойылды.
Концертке ұласқан кеш соңында жергілікті өнерпаздар қазақтың ән-күйін орындап, «Мен – қазақпын!» өлеңін оқыды.
Сонымен қатар, кеш барысында қазақ мәдениетінен кім көп хабардар екенін анықтау мақсатында викторина ұйымдастырылды.
Айта кетерлігі, Көкшетау қаласының әкімдігі бұл іс-шараны өткізген «Ақ Жайық» қазақ ұлттық-мәдени автономиясына ұлттық киімдер топтамасын тарту еткен.