Қазақстандықтар мемлекеттік туды жаппай балконға іле бастады

Қазақстандықтар мемлекеттік туды жаппай балконға іле бастады

Қазақстандықтар мемлекеттік туды жаппай балконға іле бастады
ашық дереккөзі
50378
Қазақстандықтар мемлекеттік туды балконға жаппай іле бастады. Осылайша олар  республика күнін жоғары деңгейде атап өтуге дайындықты бастап кетті деп хабарлады turkystan.kz 24.kz сайтына сілтеме жасап. Көк байрақты насихаттап, ұлықтаушылар жұртшылықты әлеуметтік желіде жазба қалдырып жариялауға шақырды. Онлайн акция бірнеше күн бұрын басталған еді. Акцияны алғашқылардың бірі болып Жандос Құрманбаев қолдаған. Ол желіде 2015 жылы дәл осылай көпқабатты үйдің самалдығына ту ілгені үшін айыпты болғанын айтып, естелігімен бөліскен. Белсенді жігіт қазір өзінің сол бастамасын қоғамның жаппай қолдағанына риза.
«Қазақстанда патриоттық қозғалыстың күшейгені сезіледі. Бұл - бұрынғыдан да шынайы қозғалыс. Отансүйгіштікті көк байрағымызды пайдалану арқылы да көрсетуге болады. Біздің мемлекеттік тудың әдемілігін тек қазақстандықтар ғана емес, әлем мойындайды. Қазір елде жаңа кезең басталды. Патриотизм арқылы ел дамуына үлес қосатын уақыт жетті. Сондықтан туымызбен мақтануға мүмкіндік беру керек деп санаймын», - деді Астана қаласының тұрғыны Жандос Құрманбаев.

Серіктес жаңалықтары