Қазақ футболының ардагері Сұлтан Әбенов дүниеден озды

Қазақ футболының ардагері Сұлтан Әбенов дүниеден озды

Қазақ футболының ардагері Сұлтан Әбенов дүниеден озды
ашық дереккөзі
50198
Қазақ футболының ардагері Сұлтан Әбенов 71 жасқа қараған шағында қайтыс болды деп хабарлады turkystan.kz Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасап. Қызылорда футбол мектебінің түлегі алғаш рет 17 жасында «Автомобилист» командасының сапында жасыл алаңда жарқылдап, жанкүйерлердің жүрегін жаулады. Сұлтан Мұрашұлы қызылордалық команданың қатарында КСРО чемпионатында 100-ден астам ойын өткізіп, 33 гол соқты. Сонымен қатар алматылық «Қайраттың» сапында ойнады. Ойын мансабын аяқтаған соң «Қайрат» командасын басқарды. Әрі қарай партия мен дипломатия қызметіне ауысып, әр жылдары Премьер-министрдің кеңесшісі, Парламент Мәжіліс аппараты жетекшісінің орынбасары, ҚР Президент әкімшілігінде қызмет атқарды.

Серіктес жаңалықтары