Алматы облысында анасы мен қызын көлік қағып кетті

Алматы облысында анасы мен қызын көлік қағып кетті

Алматы облысында анасы мен қызын көлік қағып кетті
ашық дереккөзі
50213
Алматы облысының Полиция департаменті 20 қазанда Mercedes автокөлігінің 20 жастағы жүргізушісі екі жаяу жүргіншіні қағып кеткені жайында мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші «Алматы-Алатау» а/ж бойынша батыс бағытта 4 км жүріп, Тұздыбастау ауылының маңында басып озу маневрін жасаған. Кейін рөлді басқара алмай, жол жиегінде тұрған әйел мен оның қызын қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Алматы қаласының 28 жастағы тұрғыны мен оның қызы оқиға орнында қайтыс болды.
«Жүргізушіге қатысты ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта жүргізуші ұсталып, Талғар ауданы ПБ УҰИ-ға қамауға алынды. Қылмыстық істі тергеу барысы мен нәтижелері Полиция департаменті басшылығының бақылауына алынды», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары