Журналистер үйіне Бейсен Құранбектің есімін беру туралы ұсынысты қолдаймын – Тоқаев

Журналистер үйіне Бейсен Құранбектің есімін беру туралы ұсынысты қолдаймын – Тоқаев

Журналистер үйіне Бейсен Құранбектің есімін беру туралы ұсынысты қолдаймын – Тоқаев
ашық дереккөзі
50236
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев журналистер үйіне Бейсен Құранбектің есімін беру туралы ұсынысты қолдайтынын айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Жетісудан шыққан азаматтар тәуелсіздік кезеңінде елімізді дамытуға зор үлес қосты. Соның ішінде белгілі журналист, қоғам қайраткері Бейсен Құранбекті баршаңыз жақсы білесіздер. Оның әзірлеген хабарлары көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Бейсен Құранбек Жетісу телеарнасында біраз жыл табысты қызмет атқарды. Оның азаматтығы, ұлтжандылығы және отаншылдығы, еңбекқорлығы қалың жұртқа танымал. Өкінішке қарай, дарынды азамат ортамыздан ерте кетті. Мен Талдықорғандағы Журналистер үйіне Бейсен Құранбектің есімін беру туралы ұсыныс айтылып жүргенін білемін. Бұл – Жетісу жұртшылығының, сондай-ақ барша журналистер қауымының, қалың көрерменнің және жалпы халықтың қалауы. Сондықтан бастаманы қолдау қажет деп санаймын», - деді Президент.

Серіктес жаңалықтары