50762
Қазақстанда жаңа мереке пайда болды
Қазақстанда жаңа мереке пайда болды

Елімізде жаңа кәсіби мейрам пайда болды деп хабарлады turkystan.kz.
«Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі мынадай мазмұндағы 38-1-тармақпен толықтырылсын: «38-1. Кітапханашы күні - 24 қазан», - делінген құжатта.Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.