50500
Алматыда жүкті келіншек суицид жасамақ болды
Алматыда жүкті келіншек суицид жасамақ болды
Алматыда жас келіншек өзіне қол жұмсамақ болды. Мұны дер кезінде байқаған тәртіп сақшылары оған көмек көрсетті деп хабарлады turkystan.kz Халық үніне сілтеме жасап.
Дулати көшесінің бойын патрульдеу кезінде, қараусыз қалған жерден Hyundai маркалы көлік табылды. Көлікте бір қыз жылап отырған.
«Көлікті тексеру кезінде хат пен арқан табылды. Бойжеткеннен жауап алған соң, оның бүгін екі рет өзіне қол жұмсамақ болғандығын анықтадық. Қызды патрульдік көлікке дейін шығарып салып, «жедел жәрдем» шақырдық», - дейді Алматы қалалық ПД патрульдік полиция полкінің аға инспекторы Дәулет Тұрманов.