«Өмір жолымдағы соңғы көш» кітабының тұсауы кесілді

«Өмір жолымдағы соңғы көш» кітабының тұсауы кесілді

«Өмір жолымдағы соңғы көш» кітабының тұсауы кесілді
ашық дереккөзі
50710
Әбдірахман Жәлелұлының «Өмір жолымдағы соңғы көш» атты өмірбаяндық кітабының тұсау кесері өтті деп хабарлады turkystan.kz. ХХ ғасырдың басында және ортасында қазақ халқының басына түскен ауыр нәубет, зұлмат жылдар туралы айтылар әңгіме аз емес. Әсіресе, «жұмыр жердің жотасы» атанған Тибет қыраты - Гималай тауынан асқан босқын қазақ көші  адамзат тарихына өшпейтін ізі мен өміршең таңбасын қалдырды. 2022 жылы Алтайдан бастау алған қазақ көшінің түбі бір Түрік еліне қоныс аударғанына 70 жыл толып отыр. Баркөл, Тибет жотасы арқылы Гималайды асқан, Үндістан мен Пәкістан арқылы Түркияға жеткен айтулы көшті көрген қарияларымыз да аз қалды. Соның бірі қаралы көштің тірі куәгері, қоғам қайраткері  - Әбдірахман Жәлелұлының «Өмір жолымдағы соңғы көш» атты өмірбаяндық  кітабы жақында жарыққа шыққан еді. «Отандастар қоры» мен «Зуқа батыр Сәбитұлы» қоғамдық қоры бірлесіп ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында аталмыш кітаптың тұсаукесері өтті. Әбдірахмен Жәлелұлы - әйгілі Зуқа батырдың (Семей, 1866 ж - Алтай, 1928 ж.) немересі. 1938 жылы Баркөлде дүниеге келген атамыз бүгінде Германияның Кёльн қаласында тұрады. Еуропа қазақтары қауымдастығының негізін қалаушы және құрметті төрағасы. Дүние жүзі қазақтары қауымдастығының екі мәрте төралқа мүшесі, көрнекті қоғам қайраткері. Қазақтың қилы тағдырынан сыр шертетін тың туындының авторы - Алтайдан ауған қаралы көштің басы-қасында болған қайраткер тұлғаның қатысуымен өтті. Маңызы зор, берері мол игі шараға тарихшы ғалымдар, қоғам қайраткерлері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Серіктес жаңалықтары