50346
Алматыда жылыту маусымы басталды
Алматыда жылыту маусымы басталды

Алматыда жаңа жылыту маусымы басталды деп хабарлады turkystan.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қала әкімі Е. Досаевтың тапсырмасы бойынша 2022-2023 жылдардағы жаңа жылыту маусымы Алматыда 2022 жылғы 17 қазанда басталды. Жаңа жылыту маусымының ашылған күні метеорологиялық болжамдар мен Алматыдағы ауа райының күнделікті мониторингі негізінде анықталды», - делінген хабарламада.Бұл ретте тұтынушыларды жылумен жабдықтауға қосу мынадай кезек бойынша кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын болады: - балабақшалар, емдеу орындары, мектептер, кәсіптік мектептер, медициналық-әлеуметтік мекемелер; - тұрғын үйлер, жатақханалар, қонақ үйлер; - әкімшілік ғимараттар, оқу орындары, театрлар; - басқа ғимараттар. Жылумен жабдықтау желілерін алдағы жылыту маусымына дайындау бойынша барлық жұмыстар кестеге сәйкес жүргізілді. «Алматы жылу желілері» ЖШС тұтынушыға жылу беруді қамтамасыз етеді.