50306
«Басы есікке қысылып қалған»: полицейдің өліміне қатысты тың дерек пайда болды
«Басы есікке қысылып қалған»: полицейдің өліміне қатысты тың дерек пайда болды
Трагедия Талдықорған – Қалбатау – Өскемен тасжолында болған. Кісі қолынан қаза болған полицейдің басы қызметтік көліктің есігіне қысылып қалған, ал көліктің артында сүйретілген мәйіттің ізі көрініп жатқан деп хабарлады turkystan.kz Сaravan.kz сайтына сілтеме жасап.
Еске сала кетейік, Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті қызметтесін өлтірді деген күдікпен 36 жастағы полицей қамауға алынғанын хабарлаған болатын.
«2022 жылдың 10 қазанында патрульдік полиция инспекторының өлімі фактісі бойынша «Адам өлтіру», яғни басқа адамды қасақана өлтіру бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады ведомство.Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық істі тергеу Қазақстан Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауына алынды.