50269
«Күдікті ұсталды»: Алматыда заңгер әйелді күйеуінің өлтіргені рас па?
«Күдікті ұсталды»: Алматыда заңгер әйелді күйеуінің өлтіргені рас па?
Алматыда заңгер әйелді өлтірген күдікті ұсталды деп хабарлады Turkystan.kz Pоlisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында 1971 жылы туған Н. есімді азамат ұсталды. Ол ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кісі өлтіру дерегі бойынша тергеу жалғасып жатыр.
Айта кетейік, тергеу барысы ҚР ІІМ мен Алматы қалалық ПД басшылығының бақылауында.
Айта кетейік, оқиға 8 қазанда сағат 23.00 шамасында Алмалы ауданында болған. Көптеген пышақ жарақатымен қаладағы жақын жердегі ауруханаға жеткізілген 1980 жылы туған А. есімді әйел 12 қазанға қараған түні медициналық мекемеде қайтыс болды. Кейін марқұмның күйеуіне іздеу жарияланған еді.