Қазақстан грэпплингтен әлем чемпионатында 1-орын алды

Қазақстан грэпплингтен әлем чемпионатында 1-орын алды

Қазақстан грэпплингтен әлем чемпионатында 1-орын алды
ашық дереккөзі
50471
Грэпплингтен Қазақстан жастар құрамасы Испанияда өткен әлем чемпионатында бірінші жалпыкомандалық орынға ие болды деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 12 қазанда Понтеведра қаласында (Испания) ерлер, әйелдер, кадеттер мен жасөспірімдер арасында грэпплингтен әлем чемпионаты басталды. Жарысқа әлемнің 24 елінен 300-ден астам спортшы қатысуда. Чемпионат бағдарламасын кадеттер (16-17 жас) мен жасөспірімдер (18-20) ашты, жарыс қорытындысы бойынша біздің құрама жалпы (медальдық) есепте бірінші орынды иеленді. Қазақ спортшылары Испания, Украина, Израиль, Қырғызстан және Франция құрамаларын артта қалдырып, 26 алтын, 21 күміс және 13 қола медаль жеңіп алды. Айта кету керек, біздің команда екі жас санатында (кадеттер мен жасөспірімдер) екі бөлімде (No Gi және Gi) бірінші орын алып, жетістікке жетті. Өткен жылы тек кадеттер (16-17 жас) бірінші орынды қанағат тұтқан. Айта кетейік, 14-15 қазанда ерлер мен әйелдер жарысады. Еске сала кетейік, дәл осы спортшылар жарысқа ұшып бара жатқанда Милан әуежайында қалып қойған болатын. Олар грэпплингтен әлем чемпионатында Қазақстан намысын қорғауға бара жатқан. Кейін Мәдениет және спорт министрлігі жастардың аман-есен Испанияға жеткенін, жарысқа қатысып жатқанын айтты.

Серіктес жаңалықтары