Таразда 9-сынып оқушысы өзіне қол салды

Таразда 9-сынып оқушысы өзіне қол салды

Таразда 9-сынып оқушысы өзіне қол салды
ашық дереккөзі
50565
Таразда мектеп оқушысы өзіне қол салды. Оның дарға асылған денесі үйінің маңындағы гараждан табылған деп хабарлады turkystan.kz Халық үніне сілтеме жасап. КТК арнасының хабарлауынша, қайғылы жағдай түнгі сағат 12 шамасында болған. 9-сынып оқушысының асылып тұрғанын алдымен анасы көріп, тәртіп сақшыларын шақыртқан. Баланы аман алып қалу мүмкін болмады. Полицейлер марқұмның мәйітін тексеру барысында зорлық-зомбылық белгілері табылған жоқ дейді. 14 жастағы жеткіншекті өлімге не итермелегені әзірге белгісіз. Қазір бұл іспен құзырлы орындар айналысып жатыр.
«Мәйiт Жамбыл облысы мәйітханасына жеткізілді. Қажетті сот-медициналық сараптама тағайындалды. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 105-бабы, 3-бөлігімен (өзін-өзі өлтiру) сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», - деді Тараз қаласы ПБ ресми өкілі Әзімхан Жанерке.

Серіктес жаңалықтары