Мемлекет басшысы Палестина Президентімен кездесті

/
Мемлекет басшысы Палестина Президентімен кездесті
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Палестина Президентімен кездесті Мемлекет басшысы АӨСШК-тің VI  саммиті аясында Палестина Президенті Махмуд Аббаспен кездесу өткізді деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап. Президенттер Қазақстан мен Палестина арасындағы өзара іс-әрекетті дамыту перспективаларын қарастырып, қазіргі заманның өзекті сын-қатерлері мен үрдістері туралы пікір алмасты. Мемлекет басшысы екіжақты байланыстарды одан әрі дамытуға ниетті екенін айтты. Өз кезегінде Махмуд Аббас Қасым-Жомарт Тоқаевқа жылы қабылдағаны және саммитті жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғыс айтты. Палестина Президенті саммитте қабылданатын шешімдер мен қол қойылатын құжаттар өзара ынтымақтастықты тереңдетуге ықпал ететініне сенім білдірді.  
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары